16.06.2015, 12:16
Оқылды: 17

Қазталов ауданының әкімі «Күміс алқаны» табыс етті

KAztalov altin alka   15 маусым күні ауданымыздың басшысы Нұрлан Бекқайыр Жалпақтал ауылында болып, алты бала тәрбиелеп өсірген аналарды қабылдады.

Аудан әкімі Нұрлан Мағазұлы бала өсіріп, бағып-қағып, алты бала тәрбиелеп өсірген жалпақталдық Гауһар Нұрмұханбетке, Талдықұдық ауылының тұрғыны Жансұлу Абдрешоваға Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен тағайындалған «Күміс алқасын» табыс етті. Қос ананы қабылдаған аудан әкімі олар өз елінің лайықты азаматтарын тәрбиелеп, ең басты миссияны орындап отырғандығын атап өтті. Нұрлан Мағазұлы қос анаға, олардың ұлдары мен қыздарына зор денсаулық пен амандық тіледі.

Марапатталған аналар Елбасының көпбалалы отбасыларға көрсетіліп отырған қамқорлығын айтып, алғыстарын жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале