13.04.2016, 18:49
Оқылды: 21

Қазталов ауданының әкімі шалғайдағы тұрғындармен жүздесті

Kaztalovka Bekkayir     12 сәуір күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр Көктерек, Қарасу ауылдық округтерінде болып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Сондай-ақ іссапар барысында Әбіш, Жұлдыз, Сатыбалды, Көмекші елді мекендерінің тыныс-тіршілігімен танысты.


       Кездесуде аудан әкімі,  - мал азығын дайындау жұмыстарын жүргізу, бөгеттердегі  су арналарының тартылуы жайында айтып өтті. Сондай-ақ аудан орталығында  Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына бастау алып жатырған игі істердің атқарылып жатқанын айта келіп, ұйытқы болуға шақырды. Биылғы жылы аудан орталығына және  қуанышпен жеткізді. Дегенмен де үкімет береді, -деп қолымызды жаймай, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруымыз керек, -деді өз сөзінде.

      Әбіш ауылында ауыл тұрғындары «Асар» әдісімен балалар ойын алаңын  салу жоспарлануда. Әрине, қуантарлық жәйт. Осындай игі бастамалар басқа да ауылдарда жалғасын тапса, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында 25 игі істің куәсі болар едік.

     Іссапар барысында Жұлдыз, Қарасу, Көктерек ауылдарында тұрғындардың көкейінде жүрген басқа да  мәселелер  тыңдалып, жауаптар қайтарылды. Көктерек ауылына көгілдір отын тарту және Жұлдыз ауылына мектеп салу жоғарғы жақтың назарында. Қазіргі кезде қаржы мәселесіндегі қиындықтарға байланысты әзірге күн тәртібіне қойылмай отыр. Дегенмен бұл ойластырылған шаруа өз шешімін табатынына сенімдіміз.

     Сонымен қатар аудан әкімі тағы бір қуанышты хабарды жеткізді. Ол көптен арман болып келе жатқан Нұрсай ауылына және аудан орталығына  «Ақбұлақ» бағдарламасы іске асырылатынын айтты. Лайым да ауданымызда жақсы істер жалғасын таба берсін.

 www.zhaikpress.kz

Жұлдыз АСҚАР

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале