3.07.2015, 8:55
Оқылды: 18

Қазталов ауданы әкімі тұрғындарды қабылдады

Kaztalovka tyrgindardi kabildadi     2 шілде күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр Жалпақтал ауылында болып, жекелеген сұрақтар бойынша тұрғындарды қабылдады.

Қабылдауға келген тұрғындардың көбі жұмыс және үй сұрап келушілер. Жеке-жеке қабылдаған Нұрлан Мағазұлы:«Бұған дейінде қабылдауға келген тұрғындар көбіне жұмыс сұрап келген болатын. Күні бүгін ауылымызда әзір тұрған жұмыс орындары жоқ. Қазіргі уақытта үкімет жеке кәсіп ашамын деушілерге кең қолдау көрсетіп отыр. Сондықтанда әртүрлі бағыттағы мемлекеттік бағдарламаларға қытысып, бизнеспен айналысқандарың жөн.»,-деді аудан басшысы. Кейбір мәселелерге жауапты мекеме, бөлім басшылары көптеген сұрақтарға заң талаптарына сәйкес қабылдау барысында нақты түсініктер берілді.

Қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың көпшілігінің өтініш-тілегі тұрғын үй жайы болды. Әр адамның айтарына құлақ асып, жағдайларымен танысқан аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр:«Қай-қайсысыңыздың да жағдайыңызды түсінемін. Айтылған өтініштер ескерусіз қалмайды. Бірақ та әрбір адам өз кезегімен заң жүзінде ғана тұрғын үйге ие болады»,-деді.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале