2.10.2015, 9:01
Оқылды: 43

Қалалық мәслихаттың депутаты Мақсот Берген өзінің туған ауылы Алғабастың орталығындағы орта мектептің педогогикалық ұжымы және оқушыларымен кездесті

 

Sirim Maksot bergen    Сырым ауданының сыйлы азаматы, қалалық  мәслихаттың депутаты Мақсот Берген өзінің туған ауылы Алғабастың орталығындағы М. Қаналиев атындағы орта мектептің педогогикалық ұжымы және оқушыларымен кездесті. Кездесуге аудан әкімі Абат Шыныбеков арнайы қатысты.

Кездесу барысында келген қонақтар сөз алып, ұстаздарды атаулы мейраммен құттықтады. Ауыл тұрғындары атынан ардагер ұстаз Ұзақбай Хабиев ақжолтай лебізін білдірді. Қария өзінің сөзінде, жергілікті тарихты түгендеу үшін ауылда мұражай ашылса деп ұсыныс білдірді.

Мерекеге орай М. Қаналиев атындағы орта мектептің ұжымына Мақсот Берген теледидар табыс етті. Осы сияқты, мектептің оқу үлгерімі үздік қос оқушысы Альмира Қажым мен Айгерім Макароваға медицина саласының ардагері Мақсот Бергеннің атындағы шәкіртақы тапсырылды. Бұл шәкіртақы жыл бойына беріледі. Кейін шара қатысушылары мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасын тамашалады.

Мақсот Берген – өңірімізге танымал қайраткер, тіл жанашыры. КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері сияқты бірқатар марапаттардың иесі. Жерлестері Мақсот Қабышұлын елжанды, жомарт азамат ретінде біледі.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале