1.06.2016, 18:15
Оқылды: 55

Қаратөбеде «Айгөлек» байқауы өтуде

????????????????????????????????????

  Қаратөбе ауданында мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері арасында аудандық «Айгөлек – 2016» фестиваль-байқауы өтуде.

   Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің өнерге құштарлығын арттыру мақсатында өткізіліп отырған байқауға аймақтық кезеңдерде іріктеуден өткен 57 бүлдіршін жолдама алып, өнер көрсетуде.


   Байқауға қатысушы өнерлі өрендер ән, би жанрлары және батырлар жырын мәнерлеп оқу бойынша бақ сынауда.

   Аталған жанрлар бойынша сынға түсуші жеткіншектерді әділ қазылар алқасы сахна мәдениеті, орындау шеберлігі, эстетикалық талаптарға сай болуына баса мән беріп, жеңімпаз-жүлдегерлерді анықтамақ.

www.zhaikpress.kz

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале