5.03.2016, 13:34
Оқылды: 20

Қаратөбеде актив жиналысы оздырылды

 ZH-350x3501  Қаратөбе ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен  актив жиналысы оздырылды.

 Актив жиналысының күн тәртібіне сай аудан басшысы  25 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың №203 Жарлығымен Қаратөбе аудандық сотының судьясы болып тағайындалған Миралиев Олжас Қуандық ұлын аудан активімен таныстырды.


Батыс Қазақстан облысы бойынша соттар әкімшісінің басшысы Айтбай Ерғали Орынбайұлы жаңадан тағайындалған аудандық сот судьясы Олжас Қуандықұлының  еңбек жолымен таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік  тіледі.  Сондай-ақ, Олжас Қуандықұлын жаңа қызметке тағайындалуымен Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Ғалымгерей Қайырғалиев құттықтады.

  Актив жиналысына аудандық сот төрайымы Жангирова Бахытгүл Шабайқызы, аудандағы мекемелер басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

www.zhaikpress.kz

Ерболат РАЙСОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале