19.05.2015, 18:11
Оқылды: 28

Қаратөбеде ата-аналар конференциясы оздырылды

Kartaobe yl kizina koldau korset ata ana  Қаратөбе мектеп-гимназиясының базасында «Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету» тақырыбында бірыңғай ата-аналар конференциясы оздырылды.

Конференцияға аудан орталығындағы 3 мектептің 11-сынып оқушыларының ата-аналары, мектеп директорлары, мектеп психологтары қатысты. Конференцияның ашылу салтанатында аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Арай Нұрсұлтанова, Қаратөбе мектеп-гимназиясының директоры Берікжан Ғарапшиев сөз сөйледі.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаевтың құттықтау хаты оқылды. Қатысушылар назарына «Менің әкем», «Ана туралы ғибратты сөздер» бейнекөрсетілімі ұсынылып, «Есімдер», «Сана ойындары» тренинг жаттығулары өткізілді.

Конференцияға қатысушы ата-аналар ойларын ортаға салып, өзара пікір бөлісті. Конференцияның қорытынды бөлімінде Отбасылық тәрбиелеу институтының директоры С.Евдокимованың бейнежазба түріндегі тілегі тыңдалынды.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале