12.05.2016, 13:24
Оқылды: 39

Қаратөбе спорт мектебінің ұжымы соғыс ардагерінің үй шаруашылығына қол ұшын берді

Karatobe ardagerge komek    Жеңіс мерекесі қарсаңында Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер  спорт мектебінің директоры Дулат Қоламанов пен аталмыш мектептің, тәрбиеленушілері аудан орталығында тұратын соғыс ардагері Құрманғали Ысқақовтың үйінде болып, ардагерді Ұлы Жеңістің 71 жылдығы мерекесімен құттықтады.


    Спорт мектебінің жаттықтырушылары  мен тәрбиеленушілері қарияның отбасы шаруашылығына қол ұшын беріп, бау-бақша егілетін орындарды дайындауға көмектесті.

    Өскелең ұрпақтың қамқорлық ізгі істеріне риза болған соғыс ардагері Құрманғали ақсақал оларға  ақ  батсын беріп, сәттіліктер тіледі. Мектеп директоры тәрбиеленушілерімен бірге Ұлы Отан соғысының ардагері Құрманғали  қарияны орталарына алып естелік  суретке  түсті.

www.zhaikpress.kz

Ерболат  РАЙСОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале