21.10.2015, 13:08
Оқылды: 34

 «Қарттарым – асыл қазынам»

ZH-350x350Ақжайық Мәдениет үйі қызметкерлерінің бастамасымен, селолық округ әкімшілігінің қолдауымен қайырымдылық айлығына орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты мәдени шара ұйымдастырылды.

Сахна төріндегі жартылай тігілген киіз үй ішінде кеш қонақтары жайғасқан.

Ауылға сыйлы ақсақалдардың бірі, жергілікті ақын Сатқан Ахметжанов Ұлы Отан соғысында шейіт болған Мәди есімді алматылық азаматтың елге жолдаған өлең-хатын домбырамен орындап берді.

Ардагерлер алқасының төрағасы Тілектес Ашықов, еңбек ардагері Мақсот Қойбақов, ауылдық мешіттің имамы Ерік Бөкенбаев, ардагер ұстаз Қабира Арыстановалар  өнегелі пікір, өзекті ойларын ортаға салды.

Шара барысында қонақтар құрметіне және көрермендерге арналған әсем сазды ән-күйлер орындалды.

Мәдени шараға қатысып, өз лебізін білдірген Ақжайық селолық округінің әкімі М.Дүйсенғалиев қонақтарға марапаттар ұсынып, кеш қонақтарына арнап мерекелік дастархан жайылды.

www.zhaikpress.kz

М.Мерғалиев

Ақжайық селосы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале