7.10.2015, 19:24
Оқылды: 30

Қоршаған ортаны ластағаны үшін шетелдік компаниядан 7,3 млрд. теңгеге жуық айыппұл өндірілді

KPO bv    Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық  экономикалық соты БҚО бойынша  экологиялық департаментінің «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в.» қазақстандық филиалынан 7 286,7 млн. астам теңге  көлемінде  залалды  өндіру туралы азаматтық ісін қарады.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 2014 жылдың  желтоқсанында  БҚО бойынша  экологиялық департаменті ҚР экологиялық заңнамасын сақтау мақсатында газды алау жағу, техникалық жабдықтаумен  байланысты қоршаған  ортаны ластау дерегі бойынша экологиялық жоспардан тыс тексеріс жүргізген кезде «Карашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в.» компаниясының өз еркімен  ауаны ластаушы заттар  шығарғанын анықтады.

Сот ҚР Экологиялық кодексінің 321-бабына сәйкес «ҚПО б.в.»-дан   мемлекеттік  кіріске  7 286 716 018 теңге көлемінде айыппұл  өндірді. Материалдық залал бойынша  аталған қаржы  толығымен  бюджетке төленді.

Шешім заңды күшіне  енді.

 www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале