17.08.2015, 12:01
Оқылды: 17

Қостанайда Батыс Қазақстан облысының мәдени күндері өтті

 

Костанай (4)13-14 тамыз аралығында берекелі де, мерекелі Қостанайда «Ақ Жайықтан – толқынды Тобылға» атты Батыс Қазақстан облысының мәдениет және өнер күндері өтті. Он екі делегациядан тұратын шығармашылық топты аймақ басшысының орынбасары Бақтияр Мәкен бастап жүрді.

Ақ Жайық өнерпаздарының Тобыл еліне барып, өнер күндерін өткізулерінің басты мақсаты – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты тапсырмасындағы Мәдениет министрлігі белгілеген дәстүрлі «облыс апталығының» эстафетасын жалғастыру еді.

КостанайШараның бағдарламасына сәйкес, 13 тамызда «Мирас» Мәдениет сарайының фойесіне «Жайықтың ақ шағаласы» атанған ақын Ақұштап Бақтыгерееваның шығармалары топтастырылған «Өмір – керуен, өлең – өзен» тақырыбымен кітап көрмесі орын алып, өлеңсүйер оқырмандармен кездесу кеші өтті. Сонымен қатар қостанайлықтар «Батыс Қазақстан – Еуразия жүрегінде» деп аталатын тарихи-этнографиялық көрмені тамашалады.

Көрмеде орын алған тарихи жәдігерлердің ішінде 2012 жылы Теректі ауданындағы Тақсай қорғанынан табылған ежелгі сармат ақсүйек әйелдің қалпына келтірілген бейнесі қостанайлықтарды бей-жай қалдырмады. Алтын ханшайымның бейнесімен бірге көрмеге келушілер естелік суреттеріне түсті.

Костанай (5)Сол күні кешкісін «Ақ Жайықтан - толқынды Тобылға» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Оған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері Қанатқали Қожақов, Жұмағаным Рахимова, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Жаңылсын Хасанова, Еркін Өтегенов, Дастан Есентеміровтер қатысып, әсем әннен шашу шашса,

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері Ермек Қазиев бастаған Костанай (2)домбырашылар күміс күйді күмбірлетті. Ал Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Еркін Нұрымбетов дирижерлік ететін Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, Александр Шевелев жетекшілік ететін облыс әкімі жанындағы эстрадалық-симфониялық оркестрі, «Назерке» және «Ақжайық» халықтық би ансамбльдері өнер көрсетті.

Ақ Жайықтың сәлемін арқалай барған батысқазақстандықтардың өнерін тамашалауға келген көрермендерден залда ине шаншар жер болмады. Кештен соң дәстүрлі өнерге көңіл мерейін қандырған көрермендер өнерпаздарға алғыстарын жаудырып, әсерлерімен бөлісті.

Костанай (3)Ал 14 тамыз күні Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының әртістері Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының сахнасында Шыңғыс Айтматовтың «Жәмила» драмасын қойды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы облысымыздың мәдени күндері Атырау облысында өткен болатын.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале