20.05.2015, 17:31
Оқылды: 15

Қостанайлық саяхатшылар Тасқалада

Kostanailik sayahatsshilar   Мамырдың 18-і күні Тасқала ауданының «Жастар» стадионына спорт ардагерлері Қайрат Төлебаев пен Владимир Антонченко есімді саяхатшылар атбасын тіреді.

Олар Қостанай облысы Лисоковск қаласынан 9 мамыр күні шығып, Ресейдің Волгаград шаһарына дейін 2200 шақырымды бағындырып өтпек. Қостанайлық екі жігіт осы велосаяхатын Жеңістің 70 жылдығына арнап, Қостанай облысының Ұлы Отан соғысы ардагерлері туралы кітапты 24 мамырда Волгаград музейіне табыстамақшы. «Біздің басты мақсатымыз барша қазақстандықтарға салауатты өмір салтын насихаттау», дейді веложорықшылар.

www.zhaikpress.kz

Манас Маратұлы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале