28.10.2015, 10:17
Оқылды: 27

Қос қарияның үйлеріне ауыз су кіргізілді  

 

водопроводный кранБисен ауылдық округі әкімі бекіткен жоспарға сай ауылда қарияларға арнап дәмді дастархан әзірленіп, мектеп интернаты меңгерушісі Әбдірахман Құрақов жетекшілігімен тәрбиеленушілер концерт ұсынды.

Ал ауылдық кітапханада «Қазыналы қарияларыммен мақтанамын» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда қарияларымыздың өнегелі өмір жолы әңгімеленді. Сонымен қатар олардың аула, қора-қопсылары жөнделіп, отыны түсірілді. Ауыл әкімінің тікелей араласуымен еңбек ардагері Жанқуат Нұршәлиев пен Жұмағұл Мұқатаевтың үйіне ауыз су кіргізілді.

Мейірімділікке арналған шаралар өз жалғасын таба бермек.

www.zhaikpress.kz

Екатерина МӨКЕШЕВА

Бөкейордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале