15.09.2015, 17:05
Оқылды: 44

ҚР Президенті ҰҚШҰ елдерін халықаралық лаңкестікке қарсы күш-жігерді арттыруға шақырды

Nazarbaev 001     ҚР Президенті ҰҚШҰ елдерін халықаралық лаңкестікке қарсы күш-жігерді арттыруға шақырды. Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәлімдемені ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы сессияда сөйлеген сөзінде жасады.

«Басты мәселелердің бірі - қауіпсіздікке қауіп төну әлеуеті, ол бірінші кезекте халықаралық лаңкестік ұйымдары тарапынан төніп тұр және оны бәрінен бұрын Орталық Азияда сезінуде. Өкінішке қарай, ҰҚШҰ мүше-елдерінің жекелеген азаматтары бұл радикалды құрылымдарға қатысып, заңға қарсы қызметке қатысу үшін Таяу Шығыс пен Ауғанстанның ыстық нүктелеріне шығып отыратынын мойындау керек, бұл факт біздің тарапымыздан тиісті шаралардың қабылдануын талап етіп отыр», - деді Н.Назарбаев. Бұл ретте Мемлекет басшысы Тәжікстанның лаңкестіктің, экстремизмнің, есірткі заттарының заңсыз айналымының таралуына қарсы күрестің алдыңғы шетінде орналасуы фактісіне көңіл аудару керек екенін атап өтті.

«Әлемдік экономикадағы қиыншылықтарға қарамастан, біз қолдан келгенше көмек көрсетуіміз керек және Қазақстан алдағы уақытта да одақтастарына көмектесетін болады. Ағымдағы жылдың өзінде ғана біз бауырлас елге 2,7 млн. АҚШ долларды құрайтын сомаға азық-түліктер мен құрылыс материалдарын жібердік,  тура осындай көлемдегі басқа шаралар да жоспарланып отыр», - деді Н.Назарбаев.

Қазақстан Президенті біздің аймағымыздағы қауіпсіздікке Ауғанстандағы жағдайдың елеулі ықпал етіп отырғанын атап өтті.

«Содырлардың бұл елдің солтүстігінде, яғни бізге - Орталық Азияға өте жақын жерде қызметін белсендіруі ерекше алаңдаушылықты тудыруда. Аймақтық қауіпсіздіктің қатерлеріне, қыр көрсетулеріне, соның ішінде Ауғанстан аумағынан төніп тұрған қауіпке бара-бар ден қою үшін біздің елдеріміздің екіжақты негізде және ҰҚШҰ-ны қоса алғанда, халықаралық ұйымдар аясында бірлескен күш-жігерді арттыру түсуін талап етеді», - деп түйіндеді сөзін Н.Назарбаев.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале