30.09.2015, 19:22
Оқылды: 17

Қызылшаға екпе басталды

Kizilshaga ekpe    Облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен «Облыста 15-19 жасқа дейінгі тұлғаларды қызылшаға қарсы қосымша иммундауды жүргізуді ұйымдастыруды пысықтау» тақырыбында арнайы құрылған штабтың кеңесі өтті.

Кеңеске қаладағы медициналық,  білім беру ұйымдары, облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің өкілдері  және  аудан әкімінің орынбасарлары онлайн  жүйесінде қатысты. Отырыста қызылшаға қарсы  қосымша  иммундауды жүргізуге байланысты жасалып жатқан жұмыстар талқыланды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржамал Жұмағұлованың айтуынша, қазіргі күнде  аталмыш жоспарлы  шараны жүзеге асыру мақсатында түсіндіру жұмысы жүргізіліп, медициналық ұйымдардың вакциналауды өткізуге дайындығы жіті бақылауға алынған.   Жұртшылыққа қызылшаға қарсы екпе жасау қажеттігі туралы ақпарат таратылып, егу бригадалары жасақталды. Сонымен қатар 701 медицина қызметкерінің қатысуымен  43 тренинг өткізілген. Ғимараттардың вакциналауды өткізуге дайындығы тексеріліп, жіберген кемшіліктер түзетілген.  Қазан айының 1-і мен  15-і аралығында 4311  жас өрен қызылшаға қарсы екпе алатын болады.

-        Балалар – біздің  болашағымыз. Олардың денсаулығына жауапкершілікпен қарау – басты міндетіміз. Сондықтан алдымыздағы жоспарлы шараны жоғары деңгейде  өткізуіміз керек, - деді облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкенұлы.

 www.zhaikpress.kz

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале