6.10.2016, 10:48
Оқылды: 207

Қылмысты іздестіру қызметі – ең қауіпті мамандық

%d2%9b%d1%8b%d0%bb%d0%bc%d1%8b%d1%81%d1%82%d1%8b-%d1%96%d0%b7%d0%b4%d0%b5%d1%81%d1%82%d1%96%d1%80%d1%83-%d2%9b%d1%8b%d0%b7%d0%bc%d0%b5%d1%82%d1%96-%d0%b5%d2%a3-%d2%9b%d0%b0%d1%83%d1%96%d0%bf Ішкі істер саласының негізгі құрылымы саналатын қылмыстық іздестіру қызметіне биыл – 98 жыл. Ғасырға жуық тарихы бар бұл қызметтің қоғамдағы рөлі айрықша. Әккі қылмыскерлерді, қылмыстық топтарды анықтау кезінде басын қатерге тігетін қауырт қызмет иелері небір қиындықпен бетпе-бет келіп жатады.


Қылмыстық іздестіру тобын құру туралы Жарғы 1918 жылы 5 қазанда қабылданған болатын. 1920 жылғы қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы милицияның бас басқармасы кезінде  Орталық қылмыстық іздестіру басқармасы құрылымдардың бірі ретінде құрылған болатын. Содан барлық ірі қалаларда қылмыстық-іздестіру бөлімшесі құрылып, ал 1921 жылы Орал қылмыстық іздестіру бөлімшесі іске кірісті.

Қылмыстық іздестірудің барлық даму деңгейінде бөлімнің кәсіби деңгейде дамуына аса көп мән берілді. Қызметтің негізін қалауға кәсіби деңгейде көзге көрінген қызметкерлер мен арнайы мамандар жұмылдырылды. Қылмыстың белгілі түрлерін, яғни, кісі өлтіру, тонау, мал ұрлығы, өрт, шаруашылық және мүліктік заттарды ұрлау қылмыстарын ашу бағытында қыруар шаруа атқарылды.

Қылмыстың ашылуына, қылмыс­керлер­ді құрықтауда жедел әрекет ететін қылмысты іздестіру саласының қызметкерлері, оның ішінде жедел уәкілдердің жұмыстары қиын да күрделі. Күннің ыстығы мен суығына қарамастан қылмыскерлерді құрықтауда аянбай қызмет етіп келе жатқан ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының еңбегі ерен. Қылмыскермен бетпе-бет келетін жедел уәкілдердің міндеті қызметте қығарылық пен жылдамдықты, ой ұшқырлығы мен төзімділікті талап етеді.

Соған бір мысал: жуырда БҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерінің ұтқыр әрекеттерінің нәтижесінде Ақжайық ауданы Ақсуат ауылдық округіне қарасты ауылдардың бірінде аса ірі көлемде «марихуана» есірткі затын өсірумен айналысқан қылмыстық топ анықталып, қолға түсті. Аталған іске қатысы бар 1974, 1993 және 1970 жылы туған күдікті азаматтар анықталды. Полиция қызметкерлері  ұсталған күдіктілердің үй-жайын жіті тергеп-тексеру барысында жалпы салмағы 21 кг 961,5 грамм марихуананы тәркілеген. Күдіктінің бірі – 1974 ж.т. «Е» есімді азамат өз ауласында қарасора өсіріп, оны мал қорасы мен гаражында сақтап, кептірген. Бұл істің бүгі-шігін қарастырған күдікті гаражда арнайы қазылған шұңқырға, екі бірдей чемоданға, қапшыққа, картоннан жасалған қорапқа, ағаштан жасалған қорапқа сақтаған. Барлығынан дерлік арнайы иісі сақталған өсімдік тектес есірткі заты табылды. Сондай-ақ тексеру кезінде 34 қарасора өсімдігі қазылған орын, соның ішінде 10-ы тәркіленді және 1 кг 401,06 грамм кептірілген және 9 кг 327,9 грамм кептірілмеген «марихуана» есірткі заты табылды. Ал қалған екі сыбайласының үйлерінің төбесінен бірінен 9 кг-ға жуық, екіншісінен 2 кг-дан астам кептіруге қойған өсімдіктер табылды. Мұнымен қоймай, тексеру кезінде аталған үшеуінен 16 калибрлі тегіс ұңғылы атыс қарулары тәркіленіп алынды. Қазіргі уақытта аталған іске қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, ұсталған азаматтар қамауға алынды.

Бүгінгідей қуанышты күні өз тағдырын қауіп-қатерге тігіп, қылмысқа қарсы тұра білген сала мамандары мен ардагерлерін төл мерекелерімен құттықтап, дендеріне саулық, жұмыстарына табыс тілейміз!

Асылай Ғұбашева

БҚО ІІД баспасөз қызметі

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале