24.06.2016, 15:01
Оқылды: 22

Қылмыс пен жаза

kylmys pen zhazaСайқын ауылының С.Сейфуллин көшесіндегі №42 үйде тұратын О.Ж. есімді азамат ауылдасының өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану арқылы «nokia asha-502» маркалы ұялы телефонын иемденіп, жәбірленушіге 18000 теңге көлемінде залал келтірген.


 

Сол үшін істі болып, оны ҚР ҚК-нің 191 бабы 2-бөлімі 1-тармағымен кінәлі деп таныған аудандық сот 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын белгілеген-ді. Және жазаны өтеу шарттарымен таныстырып, оны орындамаған жағдайда бас бостандығын шектеу бас бостандығынан айырумен алмастырылатынын аудандық соттағылар да, аудандық пробация қызметкерлері де түсіндірген.

Пробация қызметіне есепке тіркелген айдың соңғы күні О.Ж. Ресей Федерациясы аумағына шығып, сол жақта қылмыстық құқық бұзушылық жасады. Қазіргі уақытта сол елдің түзету мекемесінде ресейлік сот белгілеген жазаны өтеп жатыр. Аудандық пробация қызметінің өтініші бойынша іс қараған аудандық сот О.Ж.-ның бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген 3 жыл 5 ай мерзімін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды. Бұл – Ресей түрмесінен босап келген О.Ж. кейін Қазақстан түрмесінде осынша уақыт отырады деген сөз.

www.zhaikpress.kz
Бөкей орда

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале