30.09.2015, 17:06
Оқылды: 15

Үздік заңгерлер марапатталды

iusticia   Елбасының  2011 жылғы 20 қазандағы  Жарлығымен 30  қыркүйек-Әділет органдары қызметкерлері күні болып бекітілді. Осыған орай, сәрсенбіде облыстық Әділет департаментінің  қызметкерлері төл мерекелерін тойлады.

Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен қатысып, департамент қызметкерлерін мейрамдарымен құттықтады. 

- Заңгерлік - ежелден қиын да күрделі, әрі жауапты мамандықтардың бірі. Елімізде Әділет органдары қызметкерлері ата-заңымыз-Қазақстан Республикасы Заңы мен Елбасы саясатының жүзеге асырылуына  үлкен үлес қосуда. Баршамызға белгілі, заң қызметінің аясы жылдан жылға кеңейіп келеді. Сіздер сол жаңарып, жаңғырған жүйені халыққа жеткізіп, әрі түсіндіріп, мемлекеттің және сол мемлекетті құраушы халықтың құқын қорғау бағытында ауқымды шаруа атқарып  келесіздер. Қоғамның дамуы мен мемлекеттің нығаюына орасан зор еңбек сіңіріп жүрген Әділет органдары қызметкерлерін бүгін қалай мадақтасақ та жарасады. Сіздерді облыс әкімдігі атынан бүгінгі төл мерекелеріңізбен құттықтап, баршаңызға жемісті жұмыс пен отбасылық бақыт тілеймін, - деген Бахтияр Мәкен облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың атынан бір топ департамент қызметкеріне алғысхат табыс етті.

Марапаттау рәсімінен соң департамент қызметкерлерінің тыныс-тіршілігін баяндайтын бейнебаян көрсетіліп, облыстық Әділет департаментіне мемлекеттік қызметке қабылданған қызметкерлер ант қабылдады. Мерекелік шара шағын концерттік бағдарламамен аяқталды.

 

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале