14.10.2016, 16:13
Оқылды: 283

«Үздік кітапханашы - 2016» байқауы

%d2%af%d0%b7%d0%b4%d1%96%d0%ba-%d0%ba%d1%96%d1%82%d0%b0%d0%bf%d1%85%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d1%88%d1%8b-2016-%d0%b1%d0%b0%d0%b9%d2%9b%d0%b0%d1%83%d1%8b  Қаратөбе аудандық  орталықтандырылған кітапхана жүйесінде кітапханашы мамандардың кәсіби мерекесіне орай  «Үздік кітапханашы - 2016» байқауы өтті.

Кітапханашылардың шығармашылық жетістіктерін айқындау, еңбектің жаңа формалары мен әдістерін енгізуге ықпал ету, кітапхана қызметкерлерінің иммиджін нығайту бағытында өткен байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылды.


Алғаш сөз алған кітапхана директоры Гүлбану Салауатқызы  қолымыздағы байлықты сақтап, әріптестерін тәрбие мен білімді ұштастыру арқылы жас ұрпақты кітапты сүюге мүмкіндік жасауға шақырып, барша кітапханашыларды төл мерекесімен құттықтап, еңбектеріне толайым табыс тіледі.

Байқауға 9 кітапханашы ұсыныс білдіріп, жарысқа түсті. Сайыста 5 кезеңнен тұратын бағдарлама бойынша қатысушылар өз қабілеттері мен өнерлерін ортаға салды.

Байқауға  қатысушыларды жұмыс жүйесінде кітапханалық жаңа жоба дайындап қорғау, қол жеткен табыстары, пайдаланушыларға әсер беретін кітапханада өткізілген көлемді шара, қызмет көрсетудің жаңа формаларының ұсынылуы бойынша бағаланды.

Бағалау формасы әсіресе кітапханашы портфолиосы, кітапханашылардың «Оқырмандарды кітап оқуға қызықтыру жолдары» тақырыбындағы жұмысын  қорғап  және «Менің мамандығым» түрлі кәсіби,  ситуациялық сұрақ  шарттарынан көрініс тапты.

Сайыс барысында өз мамандығын мақтаныш санайтын мамандар жеткілікті екенінің куәсі болдық. Қазылар алқасында  жоғары санатты мамандар төрелік еттіп, әділ бағаланды.

Байқау қорытындысында бас жүлдені Ұлболсын Қабиева (Жусандыой ауылдық модельді кітапханасы), І орынды Гүлжанат Шүйіншалиева (әдістемелік бөлім), ІІ орынды Венера Нүриденова (Ханкөл бөлімше кітапханасы), ІІІ орынды Айнагүл Рысбаева (балалар кітапханасы) иемденсе, «Көрермен көзайымы» аталымымен Жазира Қабесова (оқу залы) марапатталды.

Ел ішіндегі бірден-бір мәдени ошақ,  ауыл тіршілігіне жан бітіретін, ұлттық құндылықтармен оқырман арасының жалғастырушысы кітапханашылардың төл мерекесі әсем әнге ұласты.

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

Қаратөбе ауданы 

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале