9.09.2015, 9:08
Оқылды: 47

Үздік іс жүргізуші анықталды

Sirim yzdik is jyrgizushu aniktaldi   Қазақстан Республикасының халықтарының Тілдер күні мерекесіне орай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастырған «Үздік іс жүргізуші» байқауы мәресіне жетті. Белгіленген комиссия мүшелері 8 дербес бөлім мен 8 МКҚК-ларды арнайы аралап, іс жүргізушінің жұмысымен, істер номенклатурасы бойынша құжаттарды дұрыс жүргізіп отыруын, этикасы мен әдебін тексеріп шықты.

Байқаудың қорытындысымен « Үздік құжаттамашы», «Үздік іс жүргізуші қызметкер» және «Үздік іс жүргізуші мекеме» аталымдарын иелерін тапты. Үздіктердің есімдері аудандық мәдениет үйінде тілдер мерекесіне орай өтетін салтанатты шарада жария етіліп, марапатталады.

www.zhaikpress.kz

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале