27.09.2016, 17:15
Оқылды: 24

«Үздік ұйым» анықталды

%d2%af%d0%b7%d0%b4%d1%96%d0%ba-%d2%b1%d0%b9%d1%8b%d0%bc-%d0%b0%d0%bd%d1%8b%d2%9b%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d1%8b  «Нұр Отан» партиясы – қоғамды ұйыстыратын және Елбасының мемлекеттік бағытын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін басым  саяси күш екені анық. Партия Доктринасы «Нұр Отанның» ХХІ ғасырдағы миссиясын және «Қазақстан – 2050» Стратегиясын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етудегі біздің алар орнымызды айқындайды.


 27 қыркүйек күні «Үздік бастауыш партия ұйымы» «Нұр Отан» партиясының  республикалық байқауына қатысушы  аудандық бастауыш партия ұйымдарының жұмыстары бағаланды. Бұл байқауға Тереңкөл, Қазталов, Бостандық, Жаңажол, Қошанкөл  бастауыш партия ұйымдары  қатысты.

  Байқауда партиялық жобаларды іске асыру, ұйымдағы қызметтің БАҚ-та  жариялануы, мүшелік жарналардың жиналуы, халықтың көкейкесті мәселелерін шешу жолындағы жұмыстары және басқа да партиялық жұмыстарға сараптама жасалды. Байқауға  қатысқан бастауыш партия ұйымдарының қай-қайсысында да оң жұмыстар бар. Яғни бұл халық сеніміне ие болып отыр деген сөз.

  Байқау нәтижесінде 100-ден жоғары партия мүшесі бар Қошанкөл бастауыш ұйымы (төрағасы Мирбол Адаялиев) және 100-ге дейінгі партия мүшесі бар  Тереңкөл бастауыш партия ұйымы (төрайымы Жанар Какимова) аудандық байқауда жеңімпаз атанып, облыстық байқауға жолдама алды.

   Бұл жеңімпаз атанған бастауыш партия ұйымдарына облыстық байқауда да  жеңімпаз болуларыңызға «нұротандықтар» тілектестіктерін білдіреді.

«Ауыл айнасы» ақпарат
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале