9.12.2015, 16:52
Оқылды: 38

Үш азамат «Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атанды

Sessia01    Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 29-сессиясы барысында депуттар бұрындары өңірімізге басшылық етіп, еліміздің, облысымыздың дамуына еңбек еткен Қабиболла Жақыповқа, Бақтықожа Ізмұхамбетовке және Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Гапичке «Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы қоғамдық ұйымдардың, тұрғындардың ұсыныстарын мақұлдап, оң шешім шығарды. Сонымен қатар Тәуелсіздік күні қарсаңында облыстық мәслихаттың депутаты Бауыржан Тұманов, Қаратөбе, Зеленов, Бөкей ордасы аудандық мәслихаттарының бұрынғы хатшылары Тілекқабыл Сағынов, Вера Шохина, Гүлжиян Бисекенова, Орал қалалық мәслихатының бұрынғы хатшысы Әнес Ізтілеуовтер Қазақстан мәслихаттарының депутаттары» қоғамдық бірлестігінің орталық кеңесінің шешімімен  «Қазақстан мәслихаттарының  «Құрметті депутаты» төс белгісімен марапатталды. Облыстық мәслихаттың хатшысы Мәлік Құлшар депутаттар Бауыржан Тұмановқа, Валерий Голоуховқа, Ришат Хайруллинге, Ақжайық аудандық мәслихатының хатшысы Дәулетжан Жақсыбаевқа, Шыңғырлау аудандық мәслихатының хатшысы Толыбай Қалменге облыстың Құрмет грамотасын салтанатты түрде табыс етті.

Jakupov

Сесияның жұмысын қорытындылаған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев облыстың Құрметті азаматы атанған үш азаматтың еліміздің, өңіріміздің дамуына үлкен еңбек сіңіргенін атап көрсетіп, депутаттарға қолдағандары үшін алғыс айтты. «Әлемдегі саяси, экономикалық дағдарыстар өңірдің дамуына өз әсерін тигізеді. Уақытша қиыншылықтарға қарамастан индустриалдық-инновациялық даму жобаларының және Елбасының бастамасымен жүзеге асып жатқан бағдарламалардың аясында жаңа кәсіпорындар ашылып, жаңа жұмыс орындары халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздықты азайту бағытындағы шаралар оң нәтижесін беруде. Осының басы-қасында өздеріңіз жүресіздер»,- деген Нұрлан Асқарұлы 2016-2018 жылдың бюджеті жасақталғанын, қосымша түсім болған жағдайда нақтылау барысында оны әлеуметтік бағытқа, халықтың әл-ауқатын жақсартуға жұмсалатынын жеткізді.

Sessia03

     Сессия жұмысында үзіліс жарияланды, кейін күн тәртібіндегі  ашық қалған екі мәселе қаралатын болады.

www.zhaikpress.kz

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале