2.06.2016, 17:42
Оқылды: 26

ҰБТ нәтижесі жоғары...!

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

   Шыңғырлау ауданының түлектері бүгін Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №4 мектебінде №769 ҰБТ ӨП-де Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағынан өтті. Бүгінге дейінгі ұстаздар еңбегі мен ата-аналар үміті ақталды. Қазіргі таңда ауданымыздан сынаққа қатысқан 62 түлектердің бәрі де шекті баллдан жоғары ұпай жинады.


   Аудан орталығында орналасқан Шыңғырлау ОЖББМ-нің түлегі Айнұр Есенова ең жоғары ұпай- 122 балл алды. «Алтын белгіге» үміткерлердің 4-уі сенімді ақтады.  Атап айтқанда, Л.Қылышев атындағы ОЖББМ-нен Анар Байлепесова, Әлішер Сағидолла және Шыңғырлау ОЖББМ-нен Айнұр Есенова, Арина Нұрымова «Алтын белгі»-ге үміткерлікті ақтап шықты. Лубен ОЖББМ-нің түлегі 1 ұпай кемдігімен «Үздік аттестат» иегері атанатын болды.  Ащысай ОЖББМ-нен Дияс Тайкенов межеден 2 ұпай кем түсіп отыр,- деп хабарлайды аудандық Білім бөлімінің бас маманы Гүлнар Теміржанқызы Әбішова. Жалпы, аудан бойынша орташа есеппен жинаған ұпай деңгейі- 84,9 % құрап отыр.

    Осынау күнді, осындай нәтижені күткен барлық ұстаздар қауымы мен ата-аналар қуанышы шексіз. Ал, түлектеріміз аудан мерейін тағы бір көтеріп тастады.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале