18.08.2015, 16:46
Оқылды: 25

Ұйымдасқан ұтады

утадыЖәнібек ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Елбасының «Бес институционалды реформаларды іске асыру бойынша 100 қадам» Ұлт жоспары ауқымында «Мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасының тиімділігін бағалау» тақырыбы бойынша үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік қызметкерлер және бизнес өкілдерінің бірігіп әрекет етуін талдап, талқылаған семинар болып өтті.

Аудандағы мүдделі мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ жастар ұйымдарының басшылары және кәсіпкерлер қатысқан жиынды аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы Жәнібек Кенжеғалиев ашып, жүргізіп отырды.

Семинарда Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының үкіметтік емес ұйымдармен және саяси партиялармен жұмыс жөніндегі бөлімнің бас маманы Ерген Рахматуллин, «Қазақстан аграриялары» республикалық қоғамдық бірлестінің төрағасы Менбулат Сахметов, Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы Назира Жұмағалиева және  «Даму» кәсіпкерлікті қаржылай қолдау қоры Батыс Қазақстан облысы бойынша аймақтық қорының құзіретін арттыру бағдарламалар жөніндегі кеңесшісі Бағдат Өтебалиева сөз сөйледі.

Олар өз сөздерінде әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруда мемлекеттік қызметкерлер мен үкіметтік емес ұйымдардың және кәсіпкерлердің тізе қосып, ұйымдасып жұмыс істеуі, сол сияқты «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларының жергілікті жерлерде орындалуы мен кәсіпкерлердің білімділік және кәсіби деңгейін көтеру, оларды оқытудың жаңа әдістерін енгізу және тағы да басқа мәселелер хақында айтып, түсінік берді.

Осы жайттар төңірегінде семинарда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жанар Қошанова, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрпейіс Елемесов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманкелді Уәлиев, аудандық «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Сағынбек Стамов өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

Басқосу соңында семинарға қатысушыларға облыстық ішкі саясат басқармасының және «Қазақстан аграриялары» республикалық қоғамдық бірлестігінің сертификаты табыс етілді.

         www.zhaikpress.kz

Н.Өтей

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале