21.08.2015, 9:06
Оқылды: 17

Ұлы мереке құрметіне

Akjayik konstitucia   Ақжайық ауданындағы Ақсуат ауылдық округінің жастары мәдениет қызметкерлерімен бірлесіп көршілес Ақжол ауылдық округінің тұрғындары алдында концерт берді. Ата Заңның айтулы мерейтойына арналған бұл шарада жастар жетекшісі, Құрманғазы атындағы музыка колледжінің түлегі Д.Насынқалиев пен Аслан Садулаев, Айбол Қайыр, Райымбек Тоқтаров, Әділет Қабдош «Жастар – Мәңгілік елдің келешегі» тақырыбында әңгіме қозғап, ауыл-елдегі жетістіктермен қатар әлі де кем түсіп жатқан тұстарды баяндады. «Айбинұр» би тобынан Жансая мен Аяулым Мұрат, ең жас өнерпаздар Ернұр Мүсірепов, Нәзира Серік және Жанболат Мұсағалиевтар да өнерлерімен көпшілікті қуантты. Осындай концерт Ақсуаттың өзінде де қойылды.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале