7.10.2016, 16:27
Оқылды: 23

Ұялылықтардың концерті

%d2%b1%d1%8f%d0%bb%d1%8b%d0%bb%d1%8b%d2%9b%d1%82%d0%b0%d1%80%d0%b4%d1%8b%d2%a3-%d0%ba%d0%be%d0%bd%d1%86%d0%b5%d1%80%d1%82%d1%96Бөкей Ордасы аудандық Мәдениет үйінде өткен Ұялы ауылдық округінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концерті тарих қойнауынан сыр шерткен Керей мен Жәнібек хандар тұсын бейнелеген көрініспен басталды.


Бағдарлама шеңберінде Жеңіс жалауы желбіреген екінші дүниежүзілік соғысындағы жаужүрек қазақ батырларының ерлігі, 1986 жылғы қанды Желтоқсан оқиғасы көрініс тапқан бейнекөрсетілім көрсетілді.

Ұялылықтардың концерттік бағдарламасында оркестрдің сүйемелдеуімен Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйі мен Әсем Жапаеваның орындауындағы «Бипыл» әні, Бақытжан Оразғұловтың сырнайда өнер көрсетуі тыңдармандарын бір серпілтсе, Сайлаубек Мұқтаровтың «Нарыным – мақтанышым» атты туындысы көпке ерекше әсер сыйлады.

Шара соңында аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов өнерпаздарға алғысхат табыс етті.

Г.ТҰРСЫНТЕГІ

Бөкей Ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале