26.04.2016, 11:52
Оқылды: 22

Ұға білсек ұтарымыз көп

Shingirlau auilsharuashiligi     Шыңғырлау ауданында шаруашылықтардың қуаттануы үшін мемлекеттің ұсынып отырған жеңілдіктерін, қолдау- көмегін алу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Ауданның табиғи факторларын есепке ала отырып, өсімдік шаруашылығына бөлінетін субсидиялар қысқаруда. Дегенмен, өсімдік шаруашылығы бағытында, көктемгі-далалық жұмыстарын, күзгі жиын-терінді жүргізетін техникалық паркті жаңартуда субсидия қарастырылған. Бұл да бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің қатарында.


    -Негізгі назар мал шаруашылығы бағытына аударылып отыр. Соның ішінде ет өнімін өндіру, экспорттау бағыты нақты қолға алынуда. Бұл үшін әрине, етті малды көбейту қажет, яғни, мал тұқымын асылдандыру мәселесі күн тәртібінен түспеуі тиіс. Сондықтан, ауданымызда мал басын көбейту мен асылдандыру қатар жүргізіліп келеді. Айталық, 2014 жылы ірі қара мал басы 21272 бас болса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 21713 басқа өсті. Сол сияқты уақ малда 2014 жылмен салыстырғанда- 1000 басқа, жылқыда-500 басқа өсім бар. Ал, мал шаруашылығына субсидия беру 2014 жылы-60 млн. теңгені құраса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 170 млн. тенге, яғни, бірден үш есеге жуық өсіп тұр. Бұл, біріншіден, аталған субсидиялардың қолжетімділігін білдіреді, екіншіден халықтың, шаруалардың мұны түсіне бастағанының, пайдасын білгенін көрсетеді. Субсидия алу үшін ірі қара мал етіне талап көп, соның бірі шаруашылық құрылымында бір мезгілде 400 бас бұқашық бордақылаудан өтіп тұрса, субсидия беріліп отырылады, ал жылқы мен қой етіне ондай талаптар жоқ. Яғни, тапсырылған қой етінің әр келісіне 100 теңге, ал жылқы етіне-92 теңге мемлекет тарапынан қосымша ақы төленеді,- дейді аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Азамат Тәңірбергенұлы Бисембаев

www.zhaikpress.kz

Қаршыға ЕЛЕМЕСОВ

Шыңғырлау ауданы 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале