17.11.2015, 18:35
Оқылды: 31

Әділ мен Дана Зеленовта

Zelenov Adil men Dana01   Зеленов ауданында қазақ эстрадасында өзіндік орны бар жұлдызды жұп Әділ Сламхан мен Дана Маханбаеваның концерттік кеш өтті.

Кеш шымылдығын «Аққуым» әнімен ашқан қос ғашық көрермен көңілін бірден баурап алды. Әншілер жұбы жиылған көрерменге репертуарларындағы «Бір өзіңді таңдадым», «Асыл жарым», «Еркелетші», «Жүректесің», «Бір болайық», «Сенің көзің», «Егізім» секілді жаңа әндерін шырқады. Көрермендеріне тамаша көңіл күй сыйлаған Әділ мен Дана кешті «Жаса қазақ!» әнімен тәмамдады.

Концерт соңында аудан әкімі Кәрім Жақыпов жұлдызды жұпқа шығармашылық табыс тілеп, ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыстады.

Zelenov Adil men Dana02

www.zhaikpress.kz

Динара Насыр

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале