24.08.2016, 17:20
Оқылды: 65

Әжібайда «Модельді кітапхана» ашылды

 Kaztalov Ajibai   Әжібай ауылында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында жасақталып отырған  «модельді кітапхананың» ашылу салтанаты өтті.


     Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова және  Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап  ғылыми кітапхананың директоры Роза Исатаева,- бүгінде рухани, ақпараттық білім беру орталығы саналатын ауыл кітапханасы заман талабына сай жаңаша жабдықталып, «модельді кітапханаға» айналып отыр. «Модельді кітапхана»  – оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетуді жоғары сатыға көтеретін жаңа кітапхананың стандарты. Оның басты тиімділігі – компьютерлік технологияларда енгізудің арқасында электронды ақпараттар қорын қалыптастыру, кітапханалық қорларды дамыту, ауыл тұрғындарын  компьютерлік сауаттылыққа дағдыландыру және қажетті ақпараттарын қашықтан пайдалана алуын қамтамасыз ету. Алдағы уақытта да дәл осындай кітапхана түрі  басқа   ауылдық округтерде де жасақталатын болады. Бүгінгі ашылғалы отырған «модельді кітапхананың» болашағы жарқын, рухы өркенді болсын, - деп барлық шараға қатысушы қонақтар мен оқырмандарды құттықтап, лебіздерін білдірді.

   Шарада кітапханашылар әлеуметтік желі арқылы   онлайн түрде жаңақалалық әріптестерімен  тілдесіп, пікір алмасты.

     Сондай-ақ жаңадан ашылған «модельді кітапханаға» Әжібай ауылының кітапханашысы Бибигүл Нағымқызы «кітапханаға саяхат» атты шолу жасап, кітапханадағы жаңадан жабдықталған балалар бөлімін таныстырып өтті.

    Шара соңы аудан  және ауыл көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

   Осындай «модельді кітапхана» Ақпәтер ауылында да ашылып, кітапқұмарларды бір қуантып тастады.

Әсем БОЛАТ

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале