15.01.2016, 12:58
Оқылды: 39

Әкімдер есебі басталды

2016-01-15 15.20.29Мешін жылындағы алғашқы есептік жиын Шоқтыбай ауылында өтті. Шыңғырлау селолық округінің әкімі Ғ.Жұмағазиевтің есебіне ауыл халқы ұйымшылдықпен қатысты.


Шоқтыбай клубына осы округке қарасты көршілес Ұрсай, Қызылкөл, Жаңакүштен де тұрғындар келді.
Ғұсман Ғұмарұлының баяндамасы тыңдалып, жарыссөзде учаскелік полиция қызметкері Д.Шохаев, «Шыңғырлау» шекара заставасының бастығы, майор Е.Попковтар өз пікірлерімен бөлісті.
Қысқы жол, мал дәрігері қажеттілігі туралы шоқтыбайлық А.Қаймулдиев сұрақ қойса, ұрсайлық Ж.Нұров жерлестерінің үйіне ауыз су өткізу жөнінде ұсыныстар білдірді.

2016-01-15 15.20.58Шоқтыбай тұтыну кооперативінің төрағасы Е.Ибраев тұрғындар атынан кооператив құру кезінде көмектескен округ әкімдігіне рахмет айтты.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Қ.Айтмұхамбетов сұрақтарға жауап беріп, ауылшаруашылығы саласындағы жаңалықтар мен өзгерістерге тоқталды.

www.zhaikpress.kz

Адақ Шотпанов

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале