21.10.2015, 17:04
Оқылды: 24

Әлішер бас жүлдеге ие болды

12115506_1651850768410629_5494882337037482203_nАлматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы 20 жылдығының қарсаңында оқушылар арасындағы республикалық «Бірлігіміз жарасқан 20 жыл» атты көркемсөз, ән-би байкауы оздырылған болатын.

Бұл байқаудың негізгі мақсаты жас талапкерлердің жан-жақты дамуы, олардың шығармашылық әлеуетін қоғам мүддесі үшін толықтай жүзеге асырып, жастар арасында азаматтық және патриоттық сезімдерді қалыптастыру, ұлтаралық достықтың нығаюына атсалысу болып отыр. Әртүрлі жанр бойынша 300-дей оқушы қатысқан байқауда Қазталов ауданының Жас орталау мектебінің 7 сынып оқушысы Әлішер Құбаев эстрадалық вокал жанры бойынша бас жүлдеге ие болды. Әлішер үш жасынан бастап сахна төріне шығып, ән айтып, бүгінде үлкен додаларға түсіп жүр.

-Өнерлі әулеттің өнерін үйреніп, оны жалғастырып қана қоймай, үлкен сахна төріне шығып жүргеніне біз өте қуаныштымыз. Осындай жасты қолдап қол ұшын беріп, музыкамен көркемдеген Жалпақтал Мәдениет үйінің директоры Жанат Қалиұлына алғысымыз шексіз,-дейді Әлішердің апасы Баян Құбайқызы.

Бізде Әлішерге өнеріңмен өркендеп, туған жеріңді қуанта бер деген тілегімізді арнаймыз.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале