7.07.2016, 11:07
Оқылды: 84

«Әсем қала – Астана» атты көрме ұйымдастырылды

Astana kyni   Астана – жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның жарқын бейнесі. Астана – ата-бабаларымыздың орындалған арманы. Астана қаласын әлемнің басты үлкен қалаларымен иық тіресетін дәрежеге жеткізу үшін үлес қосуды еліміздің әрбір азаматы өзіне парыз деп біледі.


   Аудандық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Ажар Берікқалиеваның айтуынша, жастарды Отанын, туған жерін қадірлеуге, патриоттық мақсатта тәрбиелеу мақсатында аудандық музейдің көрме залында Астана күніне байланысты ұйымдастырылған шараға келушілер үлкен ықылас танытқан.

    Айтулы шарада «Әсем қала –Астана» атты көрме жасақталынды.
Көрмеге Шөптікөл ЖОББМБ-ның жазғы демалыс лагеріндегі оқушылар мен ұстаздар қатысты.

  Музей экскурсоводы Дулат Темірболатұлы көрмедегі Астананың көрікті жерлері мен ескерткіштерін таныстырды.

   Көрме барысында оқушылар жылдан-жылға көркейіп келе жатырған Елордамыз Астана қаласы туралы өз пікірлерімен бөлісіп, естелік суретке түсті.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале