10.03.2016, 10:37
Оқылды: 31

Әскери қызмет-баршаға міндет

????????????????????????????????????

  Әр жылдың күз және көктем айларында әскер жасындағы жігіттер отан алдындағы борышын өтеуге шақырылады. Өкінішке орай әскери борышын өтеуден қашқақтайтындар да кездеседі. Осы бір келеңсіз жайттың алдын алу мақсатында Зеленов аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім қызметкерлері мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны алдында әр ауылдық округті аралап, әскер жасындағы жігіттермен, олардың ата-аналарымен жеке әңгімелесіп, түсінік жұмыстарын жүргізеді.


 Осы атқарылғн жұмыстардың арқасында өткен жылдың күзінде жоспарланған 58 сарбаздың орнына 61 жігіт әскерге аттанған. Бұндай жұмыс көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны алдында да оздырылды. Сондай-ақ әр окург әкімдігі мамандарымен де аталған жұмыс жүргізіліп тұрады. Сондай жиындардың бірі жуырда аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім ғимаратында өтті. Әдістемелік нұсқаулық сабақ тәртібінде өткен шараға аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім басшысы Ғабділжәлел Ниязалиев, бөлім мамандары қатысты. Жиын барысында әскерге барудан қашып жүргендермен өткізетін түсінік жұмыстары бір сәтке де тоқтатпау керектігі мен ҚР қылмыстық кодексінің 387 бабы яғни әскерге барудан бас тартқандарға қандай жаза қолданылатыны айтылды. Сабақ барысында қатысушылар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале