28.06.2016, 14:32
Оқылды: 21

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

????????????????????????????????????

Теректі аудандық Достық үйінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу мақсатында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен «Тәуелсіз Қазақстан – терроризм мен лаңкестікті қолдамайды» атты кездесу өтті.


Шараға Теректі ауданының әкімі Мұрат Мұқаев, «ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті» басқармасының басшысы Балғабек Мырзаев, «ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің талдау, дін мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеу орталығы» мемлекеттік мекемесінің теологі Марлен Муслимов, БҚО Дін істері басқармасының бөлім басшысы Саялбек Ғиззатов, аудандық мешіттің бас имамы Халықбек Сыдықов және аудан тұрғындары қатысты.

Ең алдымен, аудан әкімі Мұрат Рахметұлының сұрауымен, ауданымыздың құрметті азаматы, Ұлы Отан соғысының ардагері Александр Кушнердің бақилық болуына байланысты 1 минут үнсіздік жарияланды.

Содан соң Ақтөбедегі оқиғаның болу себебі, бірыңғай мектеп формасына көшу, ҚМДБ мақұлдаған кітаптармен сауат ашу, салт-дәстүрімізді жаңғырту, отбасы құндылықтары, ата-ана мен Отанымыздың қадірін білу сынды өзекті мәселелер талқыланды.

Шара барысында астаналық қонақ Балғабек Әбдіқайымұлы бүгінде елімізде сот шешімі арқылы идеологиясы өзге 24 ағымға тыйым салынғандығын, сонымен қатар арнайы сайттары да жабылатындығын айтты.

Кездесу барысында «адасқан» жандарың хал-ахуалынан сыр шертер бейнетаспалар көрсетілді. Елордамыздан келген теолог Мәрлен Жүнісұлы уәхабилік-сәләфилік ағымның кітабынанПайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисін оқып, араб тілінен тікелей аударып, халықтың басын қалай айналдыратынын түсіндірді.

Салиқалы кештің арқауы болған меймандарға Тілеген қажы Какимова әжеміз алғыс айтып, ақ батасын берді. Жиынға қатысушы тұрғындар көкейіндегі сұрақтарын қойып, жауап алды.

Жұма намазынан соң, ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Подстепный ауылына ат басын тіреп, тұрғындармен кездесті.

www.zhaikpress.kz
Аягөз АЙБАРҚЫЗЫ
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале