28.12.2015, 10:19
Оқылды: 14

Өмірге құштар балғындар

Zelenov omirge kyshtar balgindar   Зеленов ауданы орталығында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және аудандық білім беру бөлімдерінің ұйытқы болуымен керемет кеш өтті.


Аталмыш  ұжымдар жаңа жыл мерекесі қарсаңында Переметный, Калинин ауылдарындағы 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалармен жүздесуді жөн санаған. Сөйтіп, жасыл шыршаны әндете шыр айналып, Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алып, түрлі ертегі кейіпкерлерімен қауышқан балғындар бір серпіліп қалды.

Қабілеті төмен балапандар өнерлерін паш етіп сүйікті Аяз аталарынан сыйлықтар алып, мәз - мейрам болып тарқасты.

www.zhaikpress.kz

Динара НАСЫР

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале