18.09.2015, 13:08
Оқылды: 26

Өрт шығып, 620 мыңның зияны келтірілді

Bokei 011    Бөкей ордасы ауданы Қарасу ауылының шетіне жақындаған трактордың тіркемелерінің бірінен өрт шығып, соның салдарынан 3 тіркеме шөп пен қосалқы бөлшектер тиелген тіркеме жанып кетті.

Дабыл тиген бойда «ЗИЛ-131» және «АҚ-40»-пен жолға шыққан №29 өрт сөндіру командасы жеткенше қызыл жалын трактор иесі Мирхан Талғатұлы Саматовқа 620000 теңге залал келтіріп үлгірді. Тиісті органдар өрттің шығу себебін анықтауда.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале