18.09.2015, 14:07
Оқылды: 22

Өрт қауіпсіздігі айлығы!

Ort kauipsizdigi ailigi  2015 жылғы 8 ай ішінде Батыс Қазақстан облысы аумағында тұрғын үй секторында жалпы өрт санының 70 % құрайтын 340 өрт орын алды. Аталған өрттерде 4 адам қаза тауып және 15 адам жарақат алып, материалдық шығын 70 миллионнан астам теңгені құрады.

2015 жылға арналған Төтенше жағдайлар департаментінің негізгі іс-шаралар жоспарын орындауға сәйкес, сонымен қатар тұрғын үй секторындағы өрттердің ахуалын тұрақтандыру, өрттерде адамдардың қаза табуын және жарақаттануын болдырмау, материалдық және әлеуметтік шығындарды азайту мақсатында 2015 жылғы 14 қыркүйек және 14 қазан аралығында Батыс Қазақстан облысы аумағында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» профилактикалық операциясын өткізу ұйымдастырылған.

Айлықты өткізуге өртті мемлекеттік бақылау инспекторлары, өрт сөндірудің барлық өрт сөндіру бөлімдері, өрт сөндіру бөлімінің, Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері, полиция қызметкерлері және пәтер иелерінің коорперетивтері жұмылдырылған.

Департаменттің қалалық бөлімшелеріне аула ішілік аралап шығу үшін қаланың белгілі бір көшелері, сондай-ақ орта жалпы білім беретін мектептері бекітілген.

Спирттік ішімдіктерге салынған тұлғалар, жалғызбасты және егде азаматтар, мүгедектер, көп балалы және тұрмыстары нашар отбастылар тұратын жерлерге аула ішілік аралау, тұрғылықты мекенжай бойына азаматтармен кездесіп, өрт қауіпсіздігі шараларын түсіндіру өткізіледі.

Өртке қарсы тақырыптағы басылған насихаттау материалдары тұрғындар арасында, адамдар көп шоғырланған орындарда таратылуда.

Ауылдық елді мекендер әкімшлігінің өкілдерімен бірге өрт жиі орын алатын елді мекендерге шығулар ұйымдастыралады. Шығуларда міндетті түрде жиындар мен түсіндіру жұмыстары өткізілуде.

Жалпы білім беретін, мектепке дейінгі мекемелерде балаларға өрт қауіпсіздігінің шаралары бойынша, оның ішінде балалардың отпен ойнауының алдын алуға бағытталған әңгімелесулер және қызметкерлердің ата-ана жиналыстарында сөз сөйлеулері өткізілуде.

Барлық іс-шаралар Батыс Қазақстан облысы аумағындағы өрт ахуалын тұрақтандыруға және өрт қауіпсіздігі қағидаларының бұзылуымен байланысты оқиғалар санының артуын болдырмауға бағытталған.

Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды айлықтан тыс қалмай, өткізуге белсене қатысуға, дәлірек айтқанда жанғыш қалдықтардан үй жанын тазалауға, пештік жылыту және электр жабдықтарын жөндеуден өткізуге шақырады.

www.zhaikpress.kz

БҚО ТЖД

Ольга Протопопова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале