6.12.2015, 16:33
Оқылды: 24

«Өскелең ұрпақтың азаматтық және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастырудағы әкелер рөлінің өзектілігі» атты облыстық әкелер форумы өтті

Nazarbaev ake tarbiesi   Орал қаласындағы физика - математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Өскелең ұрпақтың азаматтық және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастырудағы әкелер рөлінің өзектілігі» атты облыстық әкелер форумы өтті.

Форум мақсаты - жағымды отбасының бейнесін дәріптеу, бала тәрбиесіндегі әкелердің рөлін күшейту, отбасы институтын насихаттау болды.


 

Облыстық білім басқармасы және «Өркен» қосымша білім беру орталығы бірлесе ұйымдастырған шараға қала және аудандардағы ата - аналар комитеттерінің төрағалары, мектеп өміріне, қоғамдық шараларға белсенді түрде араласатын әкелер және мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

«Әке - асқар тауым» атты фотокөрмемен танысудан басталған форум барысы секциялық жұмыстардағы «Әкелермен әріптестік», «Әке - жауапты лауазым» атты топтық тренингтермен жалғасты.

Панельді пікірталас бөлімінде форум қатысушылары және шақырылған эксперттер бала тәрбиесіндегі түрлі мәселелерге байланысты еркін түрде ой-пікір алмасты.

Форум соңында бала тәрбиесінде өзіндік орнын қалыптастырған, мектептегі және өзге де қоғамдық шараларда белсенділік танытқан үздік әкелер облыстық білім басқармасының Алғыс хатына, сондай-ақ, «Өркен» қосымша білім беру орталығының сыйлық кітаптарына ие болды.

www.zhaikpress.kz

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале