5.10.2015, 19:21
Оқылды: 22

Өталиевтер құрметке бөленді

Bokei 021   Облыста оздырылған «Үздік жас отбасы» байқауында аудан намысын абыроймен қорғаған ұялылық Өтәлиевтер отбасын аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов қабылдап, әр ауданның бетке ұстар жастарының арасында озық деп танылып, жүлделі ІІ орын алуларымен құттықтады. Сонымен қатар оларға аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әлібек Айтқалиев, аудандық демалыс орталығының басшысы Жоламан Сейсенғалиевтер сенімді ақтап, аудан мәртебесін марқайтқан үшін алғыстарын жаударды.

Алған әсерлерімен бөліскен отағасы Сексенбай аталмыш байқау үш тур бойынша жүргізілгенін мәлімдеп, өз қойылымдарының ерекшелігіне тоқталды. Нақтырақ айтсақ, таныстыру бөлімінде Өтәлиевтер алдын ала дайындалған бейнероликте қырдағы қазақтың тыныс-тіршілігін паш еткен (атқа мініп мал бағып, шоқ самаурынмен шай қайнатып, сиыр сауыпты). Сонымен қатар сән үлгісі турында да Сексенбай мен Жанар және ұлдары Ерқанат, Нұрасыл мен қызы Нұрдананың арнайы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің көмегімен тіктірілген ұлттық киімі де қойылған шарттардан дәл шығып, сайыскерлерді биік тұғырға бір табан жақындата түсті. Ал, тапқырлық бөлімінде бұл жас отбасы ұзақ ізденіп, 220 дана бір реттік стаканнан аспалы шам жасаса, ұлдары ән шырқап, көптің ілтипатына бөленді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале