11.06.2015, 11:38
Оқылды: 18

Өткеніңді танып, өшкеніңді жақ

Akjayik otkenindi kaitalap   Ақжайық аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері міне, биылғымен алтыншы жыл, «Өз өлкеңді өзгеден бұрын таны!»  атты ұзақмерзімдік жобаның кезекті маусымын бастады.

Ауданның өткенін тануды, өшкенін жағуды көздейтін бұл ұзақмерзімдік жоба бойынша артта қалған жылдары ауқымды іс атқарылды. Елдімекендердің ғасырлар қойнауынан бергі тарихына, көне қорым, құлпытастар жөнінде мағұлматтарды байытуға, арқалы би, батыр, Кеңес  Одағы кезеңіндегі шаруашылықтар майталмандарының еңбегіне қатысты шежіре толықтырыла  түсті. Соның бәрі жүйеленіп, ауданның  тарихи-танымдық анықтамалығына енгізілуде. Бұл анықтамалық алдыңғы жылы екінші рет баспадан шығарылса, былтыр өлкенің терең тарихын соны қырынан қамтыған «Ақжайық ауданы» атты жаңа басылымның І кітабы жарық көрді. Бүгінде ІІ кітап дайындалуда.

www.zhaikpress.kz

Болат ЕСҚАЛИЕВ

Ақжайық адуаны

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале