5.01.2016, 13:47
Оқылды: 37

Өткен жылы мәдениет саласын қаржыландыруға 4,9 млрд. теңге бөлінді

 Akim songisi04  Адамдардың рухани өсуіне және бос уақытты мәнді өткізуіне мәдениеттің рухани орны зор. Облыс бойынша 768 мәдениет және өнер нысандары халыққа өз қызметтерін көрсетуде. 2015 жылы мәдениет саласын қаржыландыруға 4,9 млрд. теңге бөлінді.


2015 жылы облыстық Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығы іске қосылды, бұл орталық әдебиет, әуен, мұражай, кітапхана, көрме, концерт, білім беру, шығармашылық, клуб қызметтері сияқты мәдениет пен өнердің бірнеше бағыттарын қамтамасыз ететінкөп функционалды кешен.

Орал қаласындағы облыстық Достық үйінің құрылысы аяқталды. Достық үйі ғимаратында барлық этномәдени орталықтары орналасатын болады. Достық үйінің басты бағыты – халықтардың мәдениетін, салт-дәстүрін және ана тілдерін дамыту болып табылады.

4 аудандық Достық үйлерінде күрделі жөндеу өткізілді.

  www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале