21.07.2015, 20:29
Оқылды: 33

Өңірімізге іссапармен Инвестиция және даму министрлігінің автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сәтжан Аблалиев келді

Дороги    Өңірімізге іссапармен келген Инвестиция және даму министрлігінің автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сәтжан Аблалиев «100 нақты қадам» бағдарламасының еліміз бойынша жүзеге асырылуы жағдайын баяндады.

Министрлік өкілі, ең алдымен бес тараудан тұратын Ұлт  жоспарының маңызына тоқталып, содан кейін көлік және транспорт саласында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жөнінде әңгімеледі.

-  Қазіргі таңда министрлік «100 нақты қадам» атты бағдарламаның 65 қадамында айтылған «Еуразиялық трансконтиненталдық дәліз» мультимоделдік көлік дәлізін құру» жөніндегі жобаны жүзеге асыру бағытында  жұмыстануда. Бұл жоба Азиядан Еуропаға жүктер транзитін кедергісіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аталмыш жобаны жүзеге асыру мақсатында 67, 68 және 73 қадамдарға сәйкес азаматтық әуе саласын дамыту және автомобиль жолдарын халықаралық жүйеде интеграциялау жұмысы белсенді қолға алынуда. Әуе қатынастары бойынша елімізде қазірдің өзінде Франкфурт, Пекин, Стамбул, Мәскеу, Лондон, Париж, Сеул бағытына ұшу жүзеге асырылуда. 2019 жылдың аяғына дейін тағы бес бағыт бойынша ұшу іске асырылмақ. Олар мыналар: Дубай-2015 жылы, Гонконг-2016 жылы, Токио-2017 жылы,  Сингапур-2018 жылы, Нью-Йорк, Шанхай-2019 жылы.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ұлттық оператор ретінде жоғарыдағы жобаны жүзеге асыру мақсатында инвесторларды тарту және олардың қаражатын қайтару үшін ақылы аутожолдар жүйесін енгізуді жоспарлауда. Аталмыш Ұлттық операторға аутожолдардың белгілі бір бөлігі сенімді басқаруға берілмек. ҚР көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2020 жылға дейін 7 мың шақырым республикалық маңыздағы жолды ақылы негізде пайдалануға көшіру қарастырылуда. Оның ішінде І-техникалық санаттағы  жолдың 3210 шақырымы және  ІІ техникалық санаттағы жолдың  3743 шақырымы ақылы жолға айналмақ.  Алдын ала жасалған болжам бойынша 2022 жылы аутомобиль жолдарын ақылы  негізде пайдаланудан (бүгінгі таңдағы ставка бойынша) 41 млрд. теңге жиналады екен. Бұл қаражат тек ақылы жолдарды ғана емес, сонымен қатар республикалық маңыздағы қалған жол бөлігін де күтіп ұстауға мүмкіндік береді

www.zhaikpress.kz

Айша ӨТЕБӘЛІ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале