14.12.2015, 19:18
Оқылды: 34

Өңір басшысы Елбасы Жолдауында туындайтын барлық міндеттерді жүзеге асыру мақсатында барлық мүмкіндіктерді толықтай пайдаланып, еліміздің өркендеуіне белсенді үлес қосуға шақырды

 aktiv jinalisi 03   Елбасы Жолдауында жастарды жұмысшы мамандығын белсенді меңгеруге шақырғанын айтып, мемлекет ұсынып отырған барлық мүмкіндіктерді толықтай пайдаланып, еліміздің өркендеуіне белсенді үлес қосуға шақырды.

Жолдаудан туындайтын барлық міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Үкіметпен Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары жасақталғанын, оған сәйкес өңірлік іс-шаралар жоспары дайындалғанын айтқан өңір басшысы «Жолдауындағы мақсаттарға жету үшін барлық тиісті жұмыстарды уақтылы және сапалы түрде атқаруымыз қажет», - деп кесіп айтты.


Әр сала бойынша орынбасарларына, барлық басқарма басшыларына, Орал қаласы және аудан әкімдеріне нақты шараларды жүзеге асыруды тапсырды. Атап өтсек, облыстағы инфляциялық үрдістерге бақылау жасау және азық-түлік тауарларына бағалардың өсуін болдырмау мақсатында облыс әкімінің бірінші орынбасары А. Өтеғұловқа және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына облыстағы азық-түлік және басқа да тауарлардың бағасына үнемі мониторинг жүргізуді және өсуін болдырмау бойынша шаралар қабылдау тапсырылды. Облыс әкімінің орынбасары Б. Мәкенге және облыстық жұмыспен қамтуды  үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына экономикалық тұрғыдан белсенді емес тұрғындардың нақты үлесін анықтауды және оларды әлеуметтік қамсыздандыру бойынша тиісті шараларды жүзеге асыруды, «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» идеясын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасақтауды және тұрғындар арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Аудан әкімдеріне халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобына көмек көрсету үшін «Өрлеу» жобасын ендіруді тапсырды. Қазір тек Ақжайық және Бөрлі ауданында «Өрлеу жобасы» аясында уағдалы ақшалай көмек бағдарламасы 2015 жылғы 1 шілдедеден бастап жүзеге асырылуда. Ал облыс әкімінің орынбасары Н. Төреғалиевқа және облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына өңірімізде жүзеге асырылып жатқан барлық бюджеттік бағдарламаларға толық  тексеріс жүргізуді және облыстық бюджеттің шығындарын оңтайландыру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Инвестициялар тарту мәселелері бойынша өңірлік кеңес құруды және жұмысын ұйымдастыруды,  инвестиялардың жаңа көздерін тарту бойынша шараларды жүзеге асыруды, инновациялық жобаларды дамытуды, өндіріске «жасыл технологияларға» негізделген жобаларды қолдауға жағдай жасау облыс әкімінің орынбасары И. Стексов пен облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасына және «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына тапсырылды. Сондай-ақ облыстың мемлекеттік секторында тиімсіз басқарылып отырған кәсіпорындар мен нысандарды анықтап, жекешелендіруге жататын объектілер бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді де ұсынды. Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары Б. Мәкенге және облыстық білім басқармасына 2017 жылдан бастап тегін кәсіби техникалық білім беру жобасы жүзеге асырылатыны туралы жастар, мектеп оқушылары арасында кеңейтілген түсіндірме жұмысын жүргізуді, облыстық денсаулық сақтау басқармасына облыс тұрғындарына 2017 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жайлы өзгерістердің мақсаттарын және артықшылықтарын түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысын ұйымдастыруды тапсырды.

aktiv jinalisi 04

-Елбасының Жолдауындағы және «Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы міндеттерді іске асырудың заңнамалық негіздемесін қамтамасыз ету мақсатында қазіргі уақытта 80-нен астам жаңа заңнамалық актілер қабылданды. Бұл Заңдар 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енбек. Осы заңнамалық актілермен енгізілетін өзгерістерді және оларды қабылдау мақсаттарын облыс тұрғындарына түсіндіруіміз қажет. Елбасының Жолдауын облыс тұрғындарына жеткізу бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстың барлық түрлерін кеңінен жүргізуді, ауылдық округтерде, мекемелерде, ұжымдарда кездесулер өткізуді, Жолдаудан  туындайтын міндеттерді орындауға облыстағы барлық азаматтық қоғам институттарының өкілдерін белсенді түрде қатысуларын ұйымдастыруды тапсырамын. Елбасы өз Жолдауында біздің алдымызға жаңа мақсат-міндеттер қойды. Мұны абыроймен атқару үшін «жұмылған жұдырықтай бірлесе қимылдап, ел тәуелсіздігін нығайтуға өз үлестерімізді қоса беруіміз керек», - деп  сөзін түйіндеді өңір басшысы.

Актив жиынында сөз алған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ж. Иманғалиев, облыстық қаржы басқармасының басшысы А. Салахатдинова, М. Ықсанов атындағы облыстық қор төрағасы А. Атаев, М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың тарих, экономика және құқық факультетінің деканы Г. Нестеренко, қалалық мәслихат депутаты, «Отделстрой» өндірістік кооперативінің төрайымы В. Михно өз салалары бойынша атқарылған істерге тоқталып, Елбасы Жолдауын халық арасында насихаттау және жүзеге асыру жұмыстарына белсене атсалысатындықтарын жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Нұрлыбек РАХМАНОВ

Нұрбек ОРАЗАЕВ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале