12.10.2016, 17:49
Оқылды: 21

11 миллион төлейді

11-%d0%bc%d0%b8%d0%bb%d0%bb%d0%b8%d0%be%d0%bd-%d0%b0%d0%b9%d1%8b%d0%bf%d0%bf%d2%b1%d0%bb-%d1%82%d3%a9%d0%bb%d0%b5%d0%b9%d0%b4%d1%96 Биылғы жылдың 27 тамызы күні Қазталов ауданының тұрғыны М. Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылына қарасты «Бөгет қыстағы» маңынан пакетке оралған 26 (жиырма алты) дана кесілген киіктің мүйіздерін тауып алып, өзімен бірге Қазталов ауданы Қошанкөл ауылына алып келіп, заңсыз сақтаған.


Тауып алған 26 дана киіктің мүйіздерін сатып, оңай ақша табу мақсатында М. мүйіздерді өзінің басқаруындағы Subaru Legacy маркалы аутокөлігіндегі Орал қаласына алып бара жатырған еттің арасына салып алып бара жатырған уақытта Қазталов аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне ұсталған. Сөйтіп М. пайдалануға тиым салынған жануарлардың дериваттарын заңсыз сақтап, тасымалдап, мемлекетке 11 024 000 теңге көлемінде материалдық залал келтірген.

Қазталов аудандық сотының үкімімен М. ҚР-сы ҚК-нің 339-бабымен кінәлі деп танылып, ол 1 (бір) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығынан шектелді және Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының талап арызы толығымен қанағаттандырылып, М.-дан мемлекет пайдасына  11 024 000 (он бір миллион жиырма тоғыз мың екі жүз) теңге өндірілетін болды.

Мөлдір ӘНУАРБЕК

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале