23.11.2015, 17:43
Оқылды: 17

Селолық тұтыну кооперативі құрылып, алды іске кірісуде

Akjayik koperativ   Жер-жерде селолық тұтыну кооперативі (СТК) құрылып, алды іске кірісіп жатқаны көпшілікке белгілі. Бұл қадам сайып келгенде, тұрғындар қолындағы малдың әлеуетін арттыруды, ауылдың берекесін молайтуды, мал шаруашылығын уақыт талабына сай өркендетуді көздейді.


СТК-ны ұйымдастыру жәйін тағы да салмақтау мақсатында Ақжайық аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі олардың төрағаларымен семинар-кеңес өткізді. Бүгінге дейін ауданда 12 осындай ұйым құрылды. Кірістер басқармасымен бірлесіп өткізілген бұл шара барысында ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мұрат Сердалин, аталған басқарманың салық төлеушілермен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы Өтеген Бегеев біраз мәселенің мән-маңызын ашып берді. Төрағаларға салықты мезгілінде төлеуге, құжаттарды жүргізуге қатысты қам-қарекеттер ұғындырылды.

Қыс маусымындағы тыныс-тірлікке байланысты да пікірлер алмасылды. Жемшөп қорын тиімді жұмсау жайында баяндалды. Өткен күндері ауданға тұрақтандыру қорынан 18 тонна кебек жеткізілді. Бұл шалғай деген 3 ауылдық округке бөлінді. Мал үшін бұл азық тағы да жеткізіледі.

 www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале