8.07.2015, 18:54
Оқылды: 36

1185 тексеріс

prokuror01   ҚР Бас прокуратурасының құқықтың статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің БҚО бойынша басқармасында кәсіпкерлердің құқығын қорғау және бақылаушы мекемелердің отырысы өтті. Онда биылғы алты айдағы жеке кәсіпкерлік нысандарына өткізілген заңсыз тексерістер деректері айтылды.

Аталмыш басқарманың мәліметінше, биылғы бірінші жартыжылдықта облыс бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне 1185 тексеріс тіркелген (2014 жылы осы мерзімде  813). Бұлардың 7-еуі жоспарлы, ал 1178-і жоспардан тыс. Мамандар тексеріс түрінің көбеюін мораторийдің биыл күшін жоюымен байланыстыруда. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бөлімінің меңгерушісі Валентина Гаршина өз сөзінде облыстық кәсіпкерлер палатасының ұсыныстарын ортаға салды.

ҚР Бас прокуратурасының құқықтың статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті БҚО бойынша басқармасының арнайы есепке алу бөлімінің басшысы Гүлнәр Ибрашева кәсіпкерлікке қатысты заңдардағы өзгерістерге тоқталды. Комитеттің сайтында тексеріс картасы жасалып, субъектілердің рейтингі жарияланатынынан хабардар етті.

Бұл тоқсанға бір өткізілетін кеңестің жетінші отырысы. Облыстық кәсіпкерлер палатасы мұндай отырыстарда құқық қорғау және бақылаушы органдармен бірлесіп құқықбұзушылықтардың алдын алып, кәсіпкерлердің түйінді мәселелерін шешуде.

Жиын соңында облыстық адвокаттар алқасы мен кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңес ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

www.zhaikpress.kz

Өз тілшіміз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале