5.01.2016, 12:41
Оқылды: 11

2015 жылы 261 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

IMG-20160105-WA0005    Халықты жұмыспен қамту мен экономикалық  өсудің маңызды  факторықұрылыс саласы болып табылады. 2015 жылыатқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 14,5%-ға артып, 75,9 млрд теңгені құрады.

2015 жылы 261 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Тұрғын үй құрылысы мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жайластыруға 4,5 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1,1 млрд.теңге, Ұлттық қордан – 3,4 млрд.теңге.

Бұл қаржыға 2015 жылы 7 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді.

Анықтама ретінде: 1 үй - жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарға, 2 үй - жас отбасыларға, 4 үй - тұрғын үй, құрылыс жинақ кезегінде тұрған адамдарға арналған.

Оның ішінен жыл қорытындысы бойынша жалпы көлемі 60 мың шаршы метрден астам  6 тұрғын үйдің құрылысы  аяқталды (735 пәтер).

Анықтама ретінде:2 үй - жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарға, 4 үй - тұрғын үй, құрылыс жинақ кезегінде тұрған адамдарға арналған.

  www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале