27.06.2016, 11:31
Оқылды: 27

"Жайық Пресс" кəсіби мерекесін атап өтті

received_1051785744870786Баспасөз жəне ақпарат саласы қызметкерлерінің кəсіби мерекесін өңірдегі ірі медиахолдинг "Жайық Пресс" ЖШС ұжымы да ерекше атап өтті.


Ұжым мүшелерін төл мерекелерімен қызу құттықтаған медиахолдинг басшысы Жантас Сафуллин қаламгерлердің қызметінің мəні мен маңызына тоқталып, облыстық қос басылым - "Орал өңірі" мен "Приуралье" газеттерінің тарихын зерттеу барысында атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырып өтті. Соның бір маңызды шарасы ретінде мереке аясында "Дұрыстық жолы" газетінің кітап болып басылып шығып, тұсауы кесілгендігін атап өтті.

received_1051788554870505Сонымен қатар Жантас Набиоллаұлы, қалыптасқан дəстүр бойынша, ардагер-журналистерді кəсіби мерекемен құттықтап, сый-сыяпатын табыс етті. Аға буын өкілдері де бастаған істерін жалғастырып келе жатқан арттарынан ерген іні-қарындастарына деген ақ тілектерін арнады.

Мерекелік шарада өздеріне жүктелген міндеттерін абыроймен атқарып, жемісті еңбек етіп келе жатқан бірқатар қызметкерлерге алғыс хаттар табыс етілді.

received_1051788441537183Қазіргідей желдей жүйткіген ақпарат қоғамының басты талабы - жаңалықтардың халыққа жедел əрі нақты жеткізілуі десек, осы орайда талап үдесінен шығу мақсатында медиахолдинг басшысы Жантас Сафуллин облыстық "Орал өңірі", "Приуралье" газеттерінің редакциясы мен ақпарат орталығының ұжымына заманауи құрылғы - нетбуктерді табыс етті.

20160627_112048Мерекелік шара журналистер арасында өткен ел Тəуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі тойына жəне Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі Сүндетқали Сариевті еске алуға арналған шахмат сайысымен жалғасын тапты.

 

www.zhaikpress.kz

Айгүл Ахметова

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале