27.10.2015, 17:30
Оқылды: 36

34 жас маман көтермеақы алып, 10 маман үйлі болды

дипломмен ауылгаБұл туралы бүгінгі өткен брифингте Тасқала ауданының әкімі Санжар Әлиевтің баяндамасынан мәлім болды.

«Есепті кезең ішінде барлық кіріс көздерінен аудандық бюджетке 1 млрд. 925 млн. теңге түсім түсіп, жоспар 108,5 пайызға орындалды. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауылдарға жұмыс істеуге келген 34 жас маманға 4 млн. 718 мың теңге көтерме жәрдемақы төленсе, 10 маман 29 млн. 120 мың теңгеге тұрғын үй несиесін алып, баспаналы болды.

Сондай-ақ мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде аудан орталығында жалпы көлемі 69 шаршы метр құрайтын, жайлы, бағасы 3,5 млн. теңгеден аспайтын 2 пәтерлі 3 тұрғын үйдің құрылысы аяқталуда. Аталған үйлер жас мамандарға «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы арқылы несиеге беріледі.

www.zhaikpress.kz

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ

«Орал өңірі»

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале