26.08.2017, 14:27
Оқылды: 35

БҚО-ның 160 мектеп түлегі жергілікті бюджет есебінен білім гранттарына ие болады

Облыс әкімі А. Көлгіновтің төрағалығымен мектеп түлектеріне жергілікті бюджеттен білім гранттарын бөлу мәселесі талқыланған кеңес өтті. Жиынға облыс басқармалары мен жоғары оқу орындарының басшылары қатысты. А.Көлгінов білім гранттарын бөлудің маңыздылығын ескере отырып, басқарма басшыларына сұранысқа ие мамандықтар бойынша нақты тізім жасауды тапсырды, деп хабарлайды БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда медицина, педагогикалық, ауыл шаруашылығы мамандықтарына сұраныс көп, сондай-ақ дінтанушы мамандардың да жетіспеушілігі байқалады. Осы тұста айта кету керек, облыстық бюджет есебінен бөлінген білім гранттары негізінде оқыған студенттер оқуларын аяқтағаннан кейін Батыс Қазақстан облысына келіп еңбек етулері міндетті.

Кеңес қорытындысында облыстық бюджет есебінен 160 мектеп түлегіне білім гранттарын бөлу жөнінде шешім шығарылды. Ал грант иелерін жоғары оқу орнына құжаттарын тапсырған мектеп түлектерінің арасынан арнайы комиссия анықтайтын болады.

-Жергілікті бюджет есебінен бөлінген білім гранттары бойынша білім алған түлектер болашақта облысымыздағы маман тапшылығын жоюға септігін тігізері анық. Сондықтан білім гранттарын бөлу мәселесіне асқан жауапкершілікпен қарауды тапсырамын, - деді облыс əкімі А.Көлгінов.

zhaikpress.kz

zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале